10 Желт 2020
Страницы Көсембай НМ

Мектеп өмірінен

Көсембай негізгі мектебінің қысқаша тарихы

Көсембай елді мекені орналасқан жер сулы, нулы шүйгін болғандықтан халық  өте тығыз орналасқан.
Кеңес өкіметінен кейінде осы өңірде 1926 жылға дейін Саға, Қарақожа, Текебай т.б. жерлерде жалитше оқытатын мешіт болып, бала оқытылған. 1930 жылы колхоздастыру кезінде ірі ауылдарда  үш кластық мектеп болған.
1936-1937 жылы осы ортаңғы Қопадағы үш кластық мектеп ашылып, онда осы елге танымал азаматтар Мардан Дәментайұлы, Амандаулет Қалауов дәріс берген. Соғыс кезінде мектептер жабылып қалып, 1946 жылы қайта ашылды. Оған әйгілі ғалым Ә.Дербісалиннің әкесі Жақсығали Дербісалин сабақ берген. Одан қазіргі ауылдың ардагер қарттары Рза Дәрібаев, Зейнола Дәулетовтер оқып білім алды.
1961 жылы орталықтың нұсқауымен Көсембайға жаңа бастауыш мектеп салып, жүйелі түрде 7 жаста міндетті бала оқыта бастады. Одан әуелі Қатша апай, 1963 жылдан Бөрібай Дербісініов, 1967 жылдан бастап ұзақ жылдар үзбей Сақып Бегімбетов басшылық етті. Кейін Әлия Қыдырбаева (бастауыш кластық мектеп болған соң) Жакиева Бақтыгүл, ал тоғыз жылдық болар алдында Дарибаева Шара, Бисенова Жамал бала оқытты.
Баланың санының көптігі ескеріліп 1993 жылы 9 жылдық мектеп салынып іске қосылды.

 

1993 жылдан бастап мектепті басқарушы директорлар:


1993-1997 жылдары – Күншашов Мақсат
1997-2002 жылдар – Әжіғалиев Болат
2002-2003 жылдары – Алданаева Құралай
2003-2007 жылдары – Қазмағамбетов Кенжебай
2007-2009 жылдары – Оңалбаев Есенқұл
2009-2011 жылдары – Сафин Нұрсұлтан
2011-2013 жылдары – Қожахметов Талғат
2013-2014 жылдары – Сафин Нұрсұлтан
2014 жылдан бері Керей Айнагүл Мұхитқызы

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар