Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Көсембай негізгі мектебі» КММ

КГУ «Косембайская основная школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

Көсембай негізгі  мектебінің тарихы

  Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда.

Осы орайда «Көсембай негізгі мектебі»КММ-сінің алғашқы ірге тасы 1993 жылы қаланып, 1 қыркүйекте білім алушыларға айқара есігін ашты.

      Мектептің атақ-даңқын шығаратын - мектеп басшысы, яғни, директор. Директор - ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын, ұжымдыұйымдастырушы. Мектеп тарихында алғаш директор болып1993 жылы   Күншашев Мақсат  тағайындалды.

Білімі ұшан-теңіз, мәдениеті жағынан қарамағындағылардан биік тұратын, қызметкерлердің іскерлігін айыра білетін, дер кезінде көмек бере алатын, тіпті мектеп оқушыларының қабілетін, мінез-құлқын, олардың ата-анасын, тұрмысын жетік білуге талпыну директорға қойылатын талап.

© 2024 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Көсембай негізгі мектебі» КММ КГУ «Косембайская основная школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области