Көсембай негізгі мектебінің тарихы
Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру мұғалімнің, ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев өзінің жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы – білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Педагогикалық ұжым сапалы білім берудің үздіксіздігін қалыптастырып, оны одан әрі жақсарту тұрғысында көптеген игілікті істердің ұйытқысы болуда.
Осы орайда «Көсембай негізгі мектебі»КММ-сінің алғашқы ірге тасы 1993 жылы қаланып, 1 қыркүйекте білім алушыларға айқара есігін ашты.
Мектептің атақ-даңқын шығаратын - мектеп басшысы, яғни, директор. Директор - ұжымның ақылшысы, туындаған проблеманы дер кезінде шеше алатын, ұжымдыұйымдастырушы. Мектеп тарихында алғаш директор болып1993 жылы Күншашев Мақсат тағайындалды.
Білімі ұшан-теңіз, мәдениеті жағынан қарамағындағылардан биік тұратын, қызметкерлердің іскерлігін айыра білетін, дер кезінде көмек бере алатын, тіпті мектеп оқушыларының қабілетін, мінез-құлқын, олардың ата-анасын, тұрмысын жетік білуге талпыну директорға қойылатын талап.
М. Күншашев басқарған жылдары мектептің іргетасы қатайып, ауыл тұрғындарының мәдени ошағына айналып үлгерді. Мемлекеттік және Ұлттық мерекелерді жергілікті халықпен ұйымдастыра отырып, атқара білді. Білім беруде үздік маман кадрларын даярлап, білікті ұстаздар қатарын көбейтті. Одан бөлек, білімді шәкірттердің санын арттырып, білім сапасының артуына ықпал ете білді.
1998 жылы осы мектепті басқару жұмысына оқу тәрбие жұмысының барлық саласынан хабары мол, білікті басшы Әжіғали Болат тағайындалып, мектептегі көптеген жұмыстардың бастамашысы болды. Киелі білім ордасы уақыт озған сайын қоғам дамуына ілесіп, өркен жая түсті. Осы кезеңнен бастап киелі білім ордасы еңселі де биік, сәулетті оқу орнына айналды.
2002-2003 жылдар аралығында Көсембай негізгі мектебінің директоры болып Алданаева Құралай Тілегенқызы тағайындалды.
2007-2009 оқу жылдарында директор болып Оңалбаев Есенқұл қызметін атқарды.
2009-2011 жылдар аралығында директор болып Сафин Нұрсұлтан қызмет атқарды.
2012-2013 оқу жылында Қожахметов Талғат директор болып тағайындалды.
2014-2018 оқу жылында Керей Айнагүл Мұхитқызы директор болып қызмет атқарды.
2019-2020 жылдар аралығында Қосдәулетов Ырғызбай директор болды.
2021 жылдан бастап Елгондина Дина Майлыгалиевна директор болып қызмет атқарып келеді.
Мектеп ұжымы қазіргі таңда оқытудың жаңа технологиялық әдіс – тәсілдерін пайдалану арқылы дарынды оқушыларды дер кезінде анықтап, шәкірттерді шығармашылыққа баулуды басты парыз санайды. Осы мақсаттағы басты міндет – білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ұлттық, азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаны кәсіби қалыптастыру, дамытуға бағыт болған білім алуға қажетті шарттар жасау, назарға алуда
Бүгінгі таңда мектепте 60 оқушы білім алуда.
Мектептегі сабақ беретін мұғалімдердің жалпы саны – 22. Жоғары білімді – 20, арнаулы орта білімді –2. Педагог - шебер – 1,педагог - зерттеуші –6, педагог-сарапшы-3 педагог - модератор – 8, педагог -4
Қазыналы білім ордасына айналған Көсембай негізгі мектебінің әрбір шәкірті білім көкжиегіне сеніммен ұмтылып, мектеп мақтанышына айналуды мақсат етсе, инемен құдық қазғандай білім тұңғиығының нәрін алған «Үздік аттестат» иегерлері бұл күнде республикамыздың барлық аймағында еліміздің дамуына өздерінің үлестерін қосуда.
Мектептің жалпы қуаттылығы 80 орынға есептелген. 8 оқу кабинеті, бір спорт залы, Акт залы, кітапхана, бар.
Мектептегіоқушылардыңруханидүниесінбайытуғаұйытқыболыпотырғанкітапханажұмысы да жақсы
жолғақойылған. Онд аоқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер, көркем әдебиеттер және ғылыми – көпшілік танымдық әдебиеттер қоры бар.
Мектеп директоры Д. Елгондина өзін кәсіби мамандығын толық меңгерген, ұйымдастырушылық қабілеті зор, іздене жұмыс істеп, мамандарға талап қоя білетін білікті басшы екендігін көрсетіп, ұжым арасында абыройлы бола білді. Оның басшылығымен мектептің оқу–тәрбие жұмыстарында жаңа технологиялық–инновациялық әдістерді кеңінен ендіруді ұйымдастыру нәтижесінде мектеп ұжымы жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық деңгейлерден көрінуде.
«Оқу мен тәрбие егіз» ұғымын өз ісінде жүзеге асырып келе жатқан мектеп ұжымының еңбегі өзгелерге үлгі боларлық.
Жыл сайын мектеп оқушылары аудандық және облыстық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орын алып жүрсе, дәстүрлі республикалық «Абай оқулары» байқауының жүлдегерлері де осы мектептен шығып отыр.
«Бейнеттің де зейнеті бар» дегендей бүгінде адал еңбегінің арқасында көпшілікке танымал, жастарға жол сілтеп, ақыл айтар ұлағатты ұстаздар да жоқ емес. Сабақ берумен қатар ақылшы–ұстаз болып, өз тәжірибелерін үйретуден жалықпайтын және оқушыларды патриоттық, эстетикалық тәрбие беруде игі жұмыстар жүргізеді. Ақылшы ұстаздарымыздың бірі Аққошқаров Ерсайын Құрылысұлы «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағымен марапатталды.
Сондай-ақ, өзінің пәнін өте жетік меңгерген, білімді, сауатты, әр сабағын ұстамды, түрлі әдістермен оқушының мәңгі есінде қалатындай етіп түсіндіретін педагог ұстаздардың қатары көбейіп келеді. Осы күнгі жаңа технологиялық әдістерді, дәстүрлі емес сабақтарды ізденімпаздығы арқылы тиімді пайдалана білуде.
Жұмыстағы іскерлігі мен ұйымдастыру қабілетімен ұстаздық тәжірибесі ескерілген бірқатар мектеп ұстаздары білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстары және тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін тәрбиелеудегі жемісті еңбектері үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттарымен марапатталған. Осындай ұстаздардың бірі қазақ тілі және
әдебиет пәнінің мұғалімі Дарибаева Шара Қайыржанқызы Облыс әкімінің алғыс хатының иегері
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев: «Еліміздің ертеңгі–бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп өз сөзінде айтқанындай, білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз қауымының алдында тұрған үлкен мәселе. Міне, осындай үлкен жетістікті арқалап келе жатқан мектептің әлі де жетер жетістігі, аларасуы, бағындырар белесі әлі алда.